Шымкенттің бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

1206
Нұрлан Сауранбаев президент әкімшілігінде бөлім меңгерушісі лауазымын атқарады
Нұрлан Сауранбаев президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  
 «Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Ол 2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі болды.
Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы – экономист.
1990 жылдары «Еңбек» компаниясын басқарды, Қазақстанның кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры болған.
2011 жылдан 2014 жылға дейін индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметін атқарды. Кейінірек   қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы лауазымын иеленді.