Басты Білім Қарапайым саяхатшыдан шытырман оқиға іздеушіге айналдыратын 13 жер (фото)
Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына кез келген жанды өзіне қызықтырып, қарапайым саяхатшыны шытырман оқиға іздеген жиһанкезге айналдырып жіберетін әлемдегі ерекше 13 жерді ұсынады.
-
Арубадағы қоқиқаздарды тамақтандыруға қалай қарайсыз? Жердегі жұмақтай бұл аралдан ғажайып құсты жыл бойы көріп, тамақтандыра аласыз.
2. «Көне Гонконг» (Касаваки, Жапония). Бұл ХХ ғасырдың соңындағы ерекше қылмыстық қала-қамал Коулунның көшірмесі секілді. Қаланы «салушылар» бәрін бүге-шігесіне дейін дәл жасауға, шынайы көрінісін келтіруге тырысқан. Сондықтан, оны аралағанда, қуыс-қуысына дейін өзіңізді қызықтыратын нәрсе таба алатыныңыз айдан анық.
3.Португалиядағы Мадейра аралының тамаша табиғаты мен мүлгіген тыныштығы туралы естіген де шығарсыз. Алайда, ол тек бергі жағы ғана. Мұнда сізді қызықтыратын жерлердің көптігі сонша, таңдай қағып, таң-тамаша болар едіңіз.
4.ХІV ғасырға тиесілі Ирандағы өте әдемі айнадай кесене Шах-Черах.
5. Францияның Аквитания провинциясында орналасқан ғажайып құм төбе – Пила. Бұл жер мұнда төрт мың жылдан бері бар дейді.
6.Чехиядағы «Швейцария богемінің» табиғаты кез келгеннің басын айналдырып, сөзсіз, таң қалдырады.
7. Гонконг, Лантауда орналасқан Будданың үлкен мүсіні. Алып мүсінге апарар жолда тамаша табиғаттың, тау мен сарқыраманың көрінісіне көз тастап, таза ауамен тыныстап, керемет саяхатты бастан кешетініңіз анық.
. 8.Ирландиядағы «Жаңару кратері». Адамдар қолымен орнатылған құрылыс саяхатшылардың қызығушылығын арттырған атақты орынға айналған. Көптеген саяхатшы осында келуді армандайды.
9.Оңтүстік Корея, Чеджудодағы Халласан жанартауы. Бұл сөнген жанартау табиғаттың ескерткіші болып саналады. Оның кратерінде керемет көл пайда болған.
10.АҚШ, Калифорниядағы Херст сарайы мен оның хауызы. Бұл керемет сарай бүгінде көп адам көруге құмартқан ұлттық көрнекі жерлердің біріне айналған. Себебі, мұнда адамды қызықтырар дүниелер өте көп.
11.Мексикадағы Жылан-үй. Кетцалькоатль — ацтектердің құдайларының бірі. Дәл осы алып құс дизайнер Хавьер Сеносианға саяхатшыларға арналған кешен салуға ой салған екен.
12.Дубайдағы ғажайыптар бақшасы — гүлдердің әлемдегі ең үлкен саябағы. Ол шөл даланың ортасында салынған. Бір көргеннен барғыңыз келіп кетті ме?
13.Колумбия, Макаренадағы Каньо-Кристалес өзені. Негізі судың өзі тұп-тұнық. Бірақ балдырлардың әсерінен әртүрлі түске боялып тұрады. Оған қоса, өзеннің кейбір жерлері тереңдеу. Ол жерлерге джакузиде жатқандай жатуға да болады.