Алик Шпекбаев: Шымкент — ең креативті қала

1007
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Шымкентке келді. Жұмысшы топқа қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қызмет көрсетіп отырған орталықтардың жұмысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Қала әкімі  «Бизес супермаркет» пен «E-Commerce Center» электронды коммерция   және әкімдік ғимаратының бірінші қабатынан ашылған «Ашық әкімдік» орталықтарының жұмысын көрсетті. Ол аталмыш кеңселер арқылы мемлекеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдіріп, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру көзделгенін атап өтті.  Қызметтерді цифрландыру — сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алудың негізгі көмекшісі екенін айтқан агенттік төрағасы әкімдік бастамаларын қолдап, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Данат Жумин жұмысшы топқа тәжірибе жүзінде енгізілген, басқару жүйесі бойынша атқарылған екі айлық жұмысын баяндады.

Өз сөзінде Алик Шпекбаев əкімдіктің осынау бастамаларын ауқымды жұмыстарға балап, мұны сыбайлас жемқорлықтан таза қоғамның ең басты құндылықтарына жатқызды. Сондай-ақ, ол Шымкенттің ең креативті қала екенін атап өтті.

null
Агенттік төрағасы бастаған жұмысшы топ Шымкент қаласының активімен де кездесті. Қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан саясат пен азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппараттың алдағы перспективасы туралы сөз қозғалды.

Жиын барысында Алик Шпекбаев үздік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе жетекші әлемдік университеттердің ғылыми дәрежесі бар жоғары білікті азаматтарды мемлекеттік қызметке қабылдаудың оңтайландырылған механизмі енгізіліп жатқанын мәлім етті. Сондай-ақ, ол кадрлық қамтамасыз ету мәселелерінде жеделдікті арттыру үшін ішкі конкурстар бір конкурсқа біріктірілетінін және жаңа жалақы жүйесін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

null