Үш мегаполистің әкімі орнын босатады

1123
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетерлігі, 9 маусым күні өткен кезектен тыс президенттік сайлауда аталған үш қаланың тұрғындары дауыс беруден төмен көрсеткіш көрсеткен болатын.
ОСК ұсынған мәліметке сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 77 % сайлау бюллетеньдерін алды.
Олардың ішінде:
Ақмола облысы бойынша –83%
Ақтөбе облысы бойынша – 84,6 %
Алматы облысы бойынша – 89 %
Атырау облысы бойынша – 71,2 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша –84,5%
Жамбыл облысы бойынша –81,3%
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,2 %
Қарағанды облысы бойынша – 77,1%
Қостанай облысы бойынша –84%
Қызылорда облысы бойынша – 77,6%
Павлодар облысы бойынша –79,5%
Түркістан облысы бойынша –84,8%
Маңғыстау облысы бойынша –68,3%
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –79,8%
Алматы қаласы бойынша –52,2%
Шымкент қаласы бойынша –67,1%
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша –68,3%
Abai.kz