ШЫМКЕНТ: Әкім уәде еткен 1000 автобустың 300-і қалаға жетті

1098
Әкелінген қоғамдық көліктер Қазақстанда құрастырылған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2018 жылғы атқарған жұмыстарының есебінде уәде еткен 1000 қоғамдық көліктің 300-і қалаға келіп жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін Шымкентте елде теңдесі жоқ автобус паркі ашылды. Ашылу салатантына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, парктің лентасын қиды. Аталған паркте жанармай станциясы, сервистік орталық, автожуу қызметі орналасқан. Сонымен қатар, жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылып отыр.
Үшінші мегаполис тұрғындары қоғамдық көліктердің қозғалыс жиілігінің төмендігін, көрсетілетін қызметі мен көліктердің сапасының нашарлағандығын айтып, сала мамандарына арыз-шағымдар көбейген болатын. Осы мақсатта Шымкент қаласы әкімдігі қоғамдық көліктердің мәселесін шешуді жолға қойып, бүгінде қалаға 300 автобус әкелініп отыр. Жылдың аяғына дейін тағы жаңа 700 автобус пайдалануға берілетін болады.
Әкелінген қоғамдық көліктер Қазақстанда құрастырылған. Оларға кондиционер, пандустар, бейнекамералар, жолаушылар ағымының датчиктері, GPS-трекерлер, электронды таблолар орнатылған.
Автобустар барлық техникалық стандарттар мен заманауи талаптарға сай. Ұзындығы 8 метр автобусқа 56 адам сыяды. Салондағы жолаушыларға дыбыстық хабарлау жүйесімен жабықталған. Алдағы уақытта қоғамдық көліктерге «Оңай» жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін орнату жоспалануда.
Айта кетейік, қазір қалада 27 көлік компаниясы жұмыс істейді. Күн сайын маршруттарға 1200 автобус пен шағын автобустар шығады, ал автопарктер қызметін 500 мыңнан астам жолаушы пайдаланады. Парктің жылжымалы құрамының 50%-дан астамы техникалық талаптарға сәйкес келмейді және пайдаланылғанына 10 жылдан астам уақыт өткен болатын.