Ақордаға келген Жапония елшісі Елбасымен қазақша сөйлесті

1741
Бүгін шетелдік елшілер Ақордаға салтанатты жиынға келді. Олар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын табыстады деп жазады nur.kz.
Ұлттық киімдегі Жапония елшісі Тацухико Касаи фотографтардың назарын бірден өзіне аударды. Ол өте маңызды оқиғаларға ғана киетін кең бүктелген шалбар-хакама киген.
Оған қоса, елшінің аяғында үлкен саусағын басқалардан бөлетін, арнайы ақ түсті таби шұлықтары бар жапон аяқ киімі-гэта болды.
Ал Тацухико Касаидің серігі кимоно киген екен.
Жапония елшісі сенім грамотасын табыстамас бұрын Назарбаевқа таза қазақ тілінде сөйледі.
Осылайша, дипломат өз құрметін білдірді.
«Мен үшін жоғары мәртебелі сізге сенім грамоталарын тапсыру үлкен құрмет», — деді ол.
Артынша елші орыс тілін де жетік меңгергенін көрсетті. Ол тілшілерге қазақ тілін оқығысы келетінін, тіпті, қазақ тіліндегі әндерді жаттап жүргенін айтты.