Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облыстық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары төтенше жағдай болған аймаққа келіп жетті.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды Ақдала бұрылысы, 41 разъезд, Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.
Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.
Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.
Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.
Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз.
Сондай-ақ, Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде.
Шымкент қалалық ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы ТЖД жедел штабтың жұмысы туралы айтты.
Жедел хабарламасын аласымен жедел штаб құрылды. Штабтың жұмысына Шымкент қалалық ТЖ департаментінің, полици департаментінің, Шымкент қаласы әкімдігінің, «ҚТЖ ҚК» АҚ қызметкерлері жұмылдырылды.
Қазіргі таңда қауырт желісі бойынша 700-ге жуық телефон хабарлама келіп түсті. Қалада 15 эвакуациялық бекеті ашылды. Барлығы дайын. Арыс қаласынан балабақшаның 17 баласы келді, олар Арғынбеков көшесі, Самал-3 мөлтек ауданындағы Назарбеков атындағы №87 мектепте орналасқан.
Сонымен қатар Арыс қаласынан халықты көшіру үшін Шымкент қаласы әкімдігімен 36 автобус дайындалып жіберілді.