«Ұлы даланың Түркістаны» республикалық фотоэкспедициясы өтті

1468
Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедициясы ұйымдастырылды.
Аталған фотоэкспедиция Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен және аудан, қала әкімдіктерінің қолдауымен өтті, деп жазады Aikyn.kz.
Республикалық деңгейдегі экспедицияға «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы (Алматы) бастаған фототілшілер қатысып жатыр. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО және Түркістан облысынан 15 кәсіби фототілшілер шақырылған. Олардың арасында Балмұрат Орынбай, Оңғарбек Алхаров, Мерей Қайнарұлы, Қайрат Шалтақбаев және өзге де танымал фотографтар бар.
Сурет саласының майталмандары Түркістан, Кентау қалаларымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт ауданының киелі және туристік орындарын суретке түсірді. Бір аптаға созылған экспедицияда түсірілген туындылар Түркістан қаласында өткен «Ұлы даланың Түркістаны» атты сурет көрмесінде ел назарына ұсынылды.
Еліміздің ең таңдаулы фотографтары Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстар мен өзгерістерге ризашылықтарын білдірді. Республика бойынша туристік және киелі орындардың көп шоғыры орналасқан Түркістан облысының тарихи ескерткіштері мен орындарын суретке түсіріп, жұртшылыққа жеткізетіндерін айтты. Айта кетейік, 2019 жылы 19 маусымда Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл ақжолтай жаңалықты қазақ халқы ғана емес, түркітілдес мемлекеттер де қуанышпен қабылдады. Осы бір жыл көлемінде Түркістанда ауқымды жұмыстар қолға алынды. Фотокөрмеге қойылған туындылар: