Қарағандыда кеншілер ереуілге шықты

1570
Кеншілердің наразылығынан кейін кейбір басшылар қызметінен шеттетілді
Бүгін «Шұбаркөл көмір» АҚ көмір өндіруші компаниясының 200-ге жуық кеншісі жұмысқа шығудан бас тартты. Олар бірнеше басшыны жұмыстан шығарып, еңбек шарттарын өзгертуді талап еткен.
Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына компания президенті Андрей Сафонов келді.
«Кеншілердің пікірінше, кейбір цех басшылары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған», — деп мәлімдеді «Шұбаркөл көмір» баспасөз қызметінен.
Компания басшысы Андрей Сафонов жиналғандардың арыз-шағымын тыңдап, ұжымның талаптарын қанағаттандыру үшін шешім қабылдады.
«Кейбір басшылар қызметінен шеттетілді», – деп атап өтті баспасөз қызметі.
Қалған мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.
Қазір «Шұбаркөл көмір» бөлімшелері мен тау-кен цехтарының барлық қызметкері жұмыс орындарына қайтып оралды.