Абаев Қазақстандағы «қос билікке» қатысты сауалға жауап берді

1068
Ақпарат министрі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қандай мәселелер жөнінде ақылдасатынын атап өтті
Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында қоғамдық резонанс туғызған бірқатар сауалға жауап берді.

Министр Нұрсұлтан Назарбаев жақында «Хабар» арнасында неге ауқымды сұқбат бергенін айтты.
«Елбасы осындай ауқымды сұқбат берудің сәтін күткен болса, таңғалмаймын. Оның бұрынғы баспасөз хатшысы ретінде ақпаратты үнемі қарап отыратынын айта аламын. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде жарияланатын маңызды ақпараттан хабардар», — деді Абаев.
«Тоқаев – екінші Назарбаев емес»
Дәурен Абаев кейбір БАҚ-та шыққан Қазақстандағы «қос билік» мәселесі туралы да айтты. Елбасы өзінің «Хабар» арнасына берген сұқбатында бұл қауесетті жоққа шығарды, деді министр.
«Біріншіден, Елбасы президенттің жұмысына араласпайды.  Екіншіден, Тоқаев – екінші Назарбаев емес. Оның өзінің басқару стилі бар. Сондықтан президент өз жұмысында тың формат қолданған сайын «қос билік» туралы мәселені көтере берудің қажеті жоқ деп ойлаймын «, — деді Абаев.
Оның айтуынша, мемлекет басшысы маңызды мәселелер бойынша Елбасымен ақылдасып отырады.

Дереккөз:sputniknews.kz