ЕРБОЛ САДЫР ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1334
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Садыр Ербол Әбілхайырұлы қала әкімінің орынбасары қызметінен босатыла отырып, қала әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған. 1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2013-2017  ОҚО әкімінің орынбасары, кейіннен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған. Ал,  2019 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі