АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША ТАЛ ҚАЛСЫН

943
Бүгін қалада сенбілік ұйымдастырылды. Оған шаһардағы әрбір мекеме қызметкерлері өз аймақтарына тиесілі жерлерді қоқыстан тазартып, тал көшеттерін егуде.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ жолының бойында өткен сенбілікке Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Мұрагер» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бейбітшілік шарты әскери күштері» ардагерлері және»Оңтүстік» АЭА қызметкерлері қатысты. Сенбілік барысында 1800 көшет отырғызылды.
Құрметті қала тұрғындары!
Қаламызда жасалып жатқан көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысып, Шымкентті бірге көркейтейік!
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі