Әлімханұлы қайда? «Канело» 2024 жылғы қарсыластарын таңдады

1871

Супер орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес  (60-2-2, 39 КО) 2024 жылғы жоспарын құрып, қарсыластарын таңдады.

ESPN Mexico басылымы ақпараты бойынша мексикалық боксшы мамыр айында шаршы алаңға оралады. Отандасы Хайме Мунгиямен (42-0, 33 KO) жұдырықтасады.

Сауль Альварес одан кейінгі кездесуін қыркүйек айында өткізгісі келеді. Ол кезде америкалық Давид Бенавидеспен (27-0, 23 KO) жұдырықтасуды жоспарлаған.

«Канеломен» жұдырықтасу үшін қарсыластары да алдыңғы жекпе-жектерінде жеңіске жету керек. Хайме Мунгия қаңтар айында британдық Джон Райдермен  (32-6, 18 КО), ал Давид Бенадиес Деметриус Андрадемен қолғап түйістіреді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы да мексикалық боксшымен жұдырықтасқысы келеді. Бірнеше рет мәлімдеме жасады. Алайда Альварестің отандасымызбен жұдырықтасу жоспарында жоқ.

massaget.kz