БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЙЫНДАУ – МІНДЕТ

4546
Баршамызға белгілі тәуелсіздік алған жылдар ішінде елімізде бейбітшілік пен
қоғамдық келісім қамтамасыз етіліп, Қазақстаннның халық аралық беделі артып,жаhандық проблемаларды шешуде әлемдік серіктес ретінде танылды. Тұңғыш елбасы Жолдауының әр тармағы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеріп,табысы мен тұрмысын жақсартуға бағытталған. Оның ішінде еліміздегі білім беру жүйесіне, әсіресе педагогтардың мәртебесін көтеру, құқықтарын белгілеу, еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерге кеңінен талдау жасады.
Сонымен бірге ғылымдағы жастардың қабілетін арттыру үшін олардың қызметін ынталандыру. Қазақстандық ғалымдарға арналған ғылыми зерттеулерге грант алу мақсатына бағытталған байқауларды ұйымдастыру керектігі де назардан тыс қалмаған. Бұл тапсырмалар әрине білім саласы қызметкерлерінен жаңаша көзқарасты және инновациялық қызметті талап етеді.
Бүгінгі жастардың өзі қалаған белгілі бір мамандықты оқып, игеріп, алған теориялық білімдері мен тәжірибесін кәсібіне сай дұрыс пайдалануға үйрету, осы негізде олардың кәсіби өсуі мен мансабына ықпал етіп, жағдай жасау орта оқу орындарының негізгі міндеті болып табылады. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде де оқытушыларға қойылатын талаптар жоғары.
Соның ішінде өмірден өз орнын таңдай алатын, өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Әрбір жастың білім алуға, қалаған маман иесі болуға, қалыпты тұрмысын жасап, еңбекке орналасуға құқығы бар.Алайда қай кәсіпорын болмасын,тәжірибелі маман алғысы келеді. Сондықтан, мамандық алуға тілек білдірген жастарды өздері қалаған кәсіпке баулып, білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, кәсіби білімін пайдалана білетін, жан-жақты азаматтық көзқарасын қалыптастыру білім беру мен жұмыс берушілердің тығыз байланысы нәтижесінде жүзеге асады.
Бәсекелестікті талап ететін, яғни өмір сүрудің өзі бәсекеге айналған осы заманда біліммен қаруланған әрбір азамат жарқын келешек үшін жұмыла еңбек етуі қажет.Ал бәсекеге қабілетті болуымыз үшін ғылым мен білімнің негізін көтеру кезек күттірмейтін мәселенің біріне айналып отыр. Кез-келген жас маман өзі таңдап алған кәсібінің қыр-сырын ғана емес,сол саладағы жаңа технологияларды,жаңаша ойлауды,белгілі ортаға икемді қарым-қатынастарды қалыптастыруды үйреніп,заман талабына сай қолдана білсе,бәсекеге қабілетті болары сөзсіз.
Бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру ісінде оқу және өндiрiстiк тәжiрибелердің маңызы зор. Яғни,болашақ мамандарды дайындауда оқу процесін өндіріспен ұштастыру басты мәселе. Ал,заман талабына сай сұранысы бар, бәсекеге қабілетті маман даярлау біздің міндетіміз. Өйткені «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші,бүгінгі студент-ертеңгі білікті маман. Нағыз кәсіби мамандар даярлау үшін педагог үнемі ізденіс үстінде болуы керек және ақпараттық-технологияларды жүйелі қолдануы арқылы басты мәселелерді шеше алады.
Студенттерді замануи ғылым жетістіктерімен қаруландырып, өндіріске жіберу, ол педагог алдына жүктелген міндет.Әсіресе,арнайы пәндерден дәріс беретін оқытушылардың кәсіби шеберлігін үнемі шыңдап, білімі мен біліктілігін көтеріп отыру қажет.Педагогтар,яғни біздер тек қана жоғары білікті мамандар даярлап қана қоймай, жастарды патриотты, жоғары мәдениетті,толерантты және өмірге жауапкершілікпен қарайтын рухта тәрбиелеуіміз керек.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Стандарттау және сертификаттау»
кафедрасының магистр,аға оқытушылары Тоқтабек А.А., Отуншиева А.Е