ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ МАҚСАТЫ — ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІН НЫҒАЙТУ

1244
Қазақстан Рөспубликасы мөмлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез- құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Қызметкер мемлекет, қоғам және азаматтар алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерін мүлтіксіз сақтауы, ҚР Президентінің саясатын м<ақтауы, және оны тұрақты түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекет билігінің беделін, мемлекет институттарына азаматтар мен қоғамның сенімін нығайтуы, Қазақстан Республикасының мемлекет билігінің және атқарушылық іс жүргізу органдарының
беделінің түсуіне ықпал жасайтын әрекеттердің жасалуына жол бермеуі, жалпы қағидаттар мен адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста жоғары парасатты және мәдениетті болуға талпыһуы тиіс.
Басшы кодекс нормалары мен ұстанымдарын мүлтіксіз сақтауда өзін үлгі ретінде. өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуы керек.Төмен тұрған лауазымды атқаратын мемлөкеттік қызметшілер басшылардың тапсырмасын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға, өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар туралы басшылыққа хабарлауға, басшының заңды тапсырмаларын орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздікті) болдырмауға, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиіс.
Мемлекеттік қызметте маңызды мәселенің бірі — халық сеніміне ие болу. Ол сенім әрбір қызметкерге ең алдымен тазалығы, адалдығы, іскерлігі және басқа да көптеген жеке қасиеттері арқасында келеді. Халық мемлекөттік қызметкердің әрбір әрекетін қалт жібермей бақылап отырады, оның жасаған дұрыс-бұрыс әрекеттеріне баға береді. Ал халықтың сөнімінен шығуы мемлекеттік қызметтің ғана емес. мемлекеттің беделін көтеру. Халық үшін жасаған әрбір іс, орындалған уәде қызметкердің ғана емес, мемлекеттің абыройы.
С.АБДУРАХМАНОВА, Сарыағаш ауданы бойынша мөмлекөттік кірістер басқармасының есепке алу және талдау бөлімінің басшысы.