«Е-Заң көмегі бірыңғай ақпараттық жүйесінің» мүмкіндігі мол

507
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында «Е-Заң көмегі бірыңғай ақпараттық жүйесі» арқылы құқық қорғау органдарында адвокаттармен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Тергеу басқармасының бастығы Д.Абдраманов, Шымкент қаласы адвокаттар алқасының мүшелері мен төрағасы С.Баймұратов, Анықтау басқармасының бастығы Н.Сүйеубеков, тергеушілер мен анықтаушылар қатысты.
Жиын барысында Тергеу басқармасының бастығы Д.Абдраманов: «Алдағы уақытта «Е-Заң көмегі бірыңғай ақпараттық жүйесі» арқылы құқық қорғау органдары қызметкерлерімен адвокаттар шақыртылып, бірлесе отырып жұмыс жасауымыз қажет, яғни электронды жүйеде қорғаушы шақырту бұл екі жаққа да тиімді заң деп санаймын», — деді.
Адвокаттар алқасының төрағасы С.Баймуратов өз сөзінде: «Е-Заң көмегі» бірыңғай ақпараттық жүйесі 2021 жылдың мамыр айынан бастап, ҚР БП 2021 жылғы 20 сәуірдегі бұйрықтары негізінде адвокаттар мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуде. Сонымен қатар, қорғаушыны шақырту, тағайындау, алмастыру, оның еңбегіне ақы төлеу арқылы қатыса алады», — деп атап кетті.
Бүгінгі таңда жаңа заңға сәйкес, тергеуші немесе анықтаушы электронды түрде «Е-Заң көмегі» бойынша ақпараттық жүйесі арқылы қорғаушы шақырту бастады. Адвокаттар алқасының төрағасы бекітілген кестеге сәйкес, кезекші адвокат электронды шақыртуды қабылдау арқылы іске қатысады. Шымкент қаласы адвокаттар мүшелері әр ауданға бөлініп тіркелген. Осының негізінде әр аудан кестеге сәйкес қорғаушыларды шақырту арқылы іске қатыстырылатын болады. Бұл өз кезегінде «Е-Заң көмегі бірыңғай ақпараттық жүйесінің» мүмкіндігі мол екендігін және азаматтардың құқықтарының дер кезінде қорғалуын қамтамасыз етпек.