Өзбекстан зауыттарында Lacetti мен Spark автокөліктері қайдадан шығарыла бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
UzAuto Motors мәліметінше, зауытта былтырғы тамыздан биылғы шілдеге дейін модернизациялау жұмыстары жүргізілген. Бұған дейін хабарланғандай, Lacetti мен Spark автокөліктері өндірісі жартылай өткізгіз тапшылығына байланысты тоқтап қалған.
Енді UzAuto Motors сұранысқа ие, арназ автокөліктерді қайтадан шығара бастады. Мәліметтерге қарағанда, зауытта бір күнде орташа есеппен 800 автомобиль шығарылады.
Бұған дейін хабарланғандай, Әзірбайжанның Гаджигабул қаласында UzAuto Motors мен SamAuto кәсіпорыны ашылған.