Қару ұстау кезінде жарақат алған: Жамбыл облысында сарбаз көз жұмды

93

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаруды ұстау кезінде жарақат алып, көз жұмды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

«ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында», — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына барды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралмақ.