Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.
Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бұд жолда түбегейлі шешім табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция.Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бірақ бұл мәселе әлі толығымен шешімін тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғам дық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Сыбайлас жемқорлық көріністері қоғам өміріне еніп, бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдардың имиджіне теріс әсер етіп, мемлекетіміздің өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына, экономикалық және ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп отырған дерт.
Сыбайлас жемқорлықтың келтіріп жатқан шығыны мен салдары әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын болсын қатты алаңдатуда. Әр елдегі осынау әлеуметтік қасіреттің қалыптасуы мен орнығуының саяси сипаты да бір-біріне ұқсамайды.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ісі емес. Ол мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай алғанда, қоғамның басты міндеті мен борышы.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Шардара ауданы бойынша
МКБ басшысы: Жасұзақов С.М.