Жасөспірімдерді суицидке итермелеген: Түркістан облысында қылмыстық топ басшысы ұсталды

1573
Түркістан облысында жасөспірімдері суицидке итермелеген қылмыстық топтың басшысы құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, интернет желісінде мониторинг жүргізу арқылытоптың жетекшісі анықталған. Бұл топ кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың өз-өзіне ұол жұмсауына ықпал еткен. ІІМ Криминалдық полиция және тергеу қызметкерлері кәмелетке толмаған қазақстандықтардың қатысуымен анықталды.
«Оның үйін тінту кезінде ноутбук, ұялы телефон, сим-карта салынған 3 қорап және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Телефонынан Telegram-да ашылған суицидтік бағыттағы каналдар болды. Қазіргі уақытта аталған жайт адам өлтіруге оқталу бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тексеруде. Сондай-ақ жасөспірімдерді осындай өлімге әкелетін ойындарға қатыстыруы мүмкін адамдарды және арна қатысушыларының өздерін де анықтау үстінде», — деп атап өтті ІІМ-нен.
Киберқылмыстық тексерістер нәтижесінде қылмыскер құрықталып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Министрлік ата-аналарды балалардың виртуалды өміріне бақылауды күшейтуге шақырады. Және шұғыл қажетті шаралар қабылданатын осыған ұқсас жайттар орын алса, тез арада полицияға хабарлауды сұрайды.