Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге қанша қаржы қажет?

716

Ішкі істер министрлігі Армениядан Қазақстанға әкелінген автомобильдерді тіркеуге 12 мыңға жуық қаржы жеткілікті екенін айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көлікті тіркеу үшін 12 мыңға жетпейтін қаржы жеткілікті. Оған тіркеу жарнасы, тіркеу туралы куәлік (техпаспорт) пен мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі (МТНБ) үшін төленетін мың мемлекеттік баж кіреді. Армениядан әкелінген автокөлікті тіркеу үшін автокөлік иесі жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Арменияның уәкілетті органы берген көлікті тіркеу туралы куәлік пен автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұсынуы тиіс, — деді ҚР ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов баспасөз мәжілісінда.


Көлікті тіркеу кезінде жасалатын төлемдер:
• тіркеу жарнасы – 695 теңге;
• техникалық төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 3 473 теңге;
• мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 778 теңге.

Тіркеу халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ХҚКО орталықтарына алдын-ала бронь жасамай-ақ және демалыс күндері де баруға болады. Дәл сол жерде халыққа қызмет көрсету орталықтарының архивтерінде Арменияда берілген техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмірлер сақталған. Оның сақтау мерзімі шектеусіз, азаматтар бұл құжаттар мен нөмір белгілерді алғашқы өтініштері бойынша ала алады, — деді комитет төрағасының орынбасары.


Армениядан жеткізілген осы көліктер Қазақстанда тіркелгеннен кейін, оны пайдалану мерзіміне шектеу жасалмайды. Егер көлік иесі өзінің көлігін Қазақстандағы тіркеуден шығарғысы келсе, ол тиісті мерзімге көлік салығын төлеп, қазақстандық нөмір мен техпаспортты тапсырып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында армян техпаспорты мен мемлекеттік нөмірін қайтарып алады.

Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораздың сөзіне айтуынша, Арменияда қазақстандықтардың атына 22 мыңнан астам көлік жазылғанымен, оның ішінде 14 мың көлік Қазақстанда тіркеуге жатады. Соның 11 мыңға жуығы тіркеп үлгерген. Қалған он күннің ішінде өзге автокөлік иелері толық тіркеліп үлгеруі тиіс.