«Қарашаның басында Қазақстанда күніне 80-100 адам коронавирустан қайтыс болады»

766

Қарашаның басында Қазақстанда күніне 80-100 адам коронавирустан қайтыс болады деп есептейді Алмаз Шарман.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Вашингтон университетіндегі Chris Murray моделіне сәйкес, қараша айының басында Қазақстанда COVID-19 дертіне 50 мың адам шалдығып, күніне 80-100 адам қайтыс болады. Джонс Хопкинс университетінде көп жыл қызмет еттім, әлі де әріптестеріммен академиялық байланыстамын. COVID-19-тың жағдайына байланысты ары қарайғы жағдайды ескеріп, денсаулық сақтау саласын модернизациялап, экономикасын жеделдету бойынша Үкіметке жоба ұсынған едім», – дейді Алмаз Шарман Асқар Маминмен «Ел үміті» бағдарламасы аясында өткен кездесуде.

«Диабет ауруымен ауратындар, семіздікпен күреспегендер, жүрегі ауратындар, метабиологиялық синдромы бар жандарға коронавирус жұқтыру 80 пайыз қауіпті. Осыған байланысты ресурстарды созылмалы аурулары бар жандарға жұмсау керек. Деннің саулығы бала кезден шынығудан басталады. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздар бұған аса мән бергені жөн» деп есептейді профессор.

Алмаз Төрегелдіұлының сөзінше, қоғамдық денсулық сақтау мамандары БҰҰ, ЮНИСЕФ балалар қорларымен тығыз байланыста. Паденияға байланысты жұмыстарды қаржыландыруға екі жаұта қызығушылық танытып отыр.Балалардың санасын өзгертіп, басқа құндылықтардың маңызыд екенін ұқтыру аса қажет деп есептейді медицина маманы. Сонда олар пендемияға да, басқа да ауыр жағдайларға дайын болады.