Тоқаев қазақстандық спортшыны әлем чемпионы атануымен құттықтады

1000

Шәріпова танзаниялық Хэппи Даудимен жұдырықтасты, қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Фируза Шәріпованы әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.

«Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!», — деді Тоқаев.

Қазанда өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанды.

Шәріпова (10-1, 5 КО) танзаниялық Хэппи Даудимен (8-6-1, 4 КО) жұдырықтасты. Қазақстандық боксшының соққыларына шыдай алмаған Дауди бесінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл оның он бірінші жеңісі. Ал Хэппи Дауди жетінші рет жеңіліске ұшырады.