«Бұл кезде үнемі тәртіпсіздіктер болады. Барлық саяси күштер бас көтереді», — дейді ол.
Бүгін елбасының баспасөз қызметі «Пусть следующие поколения сделают лучше меня…» деп аталатын орысша түсірілген деректі фильмінің анонсын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетсек, 6 шілде күні сағат 21.40-та «Хабар» телеарнасынан көрсетілетін деректі фильм – журналист Айгүл Әділова мен елбасы баспасөз қызметінің арнайы жобасы. Сондағы сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев билік транзиті мен коронавирус пандемиясының әсеріне тоқталып өткен.
«Биліктің ауысуы – қауіпті сәт. Бұл кезде үнемі тәртіпсіздіктер болады. Барлық саяси күштер бас көтереді. Мен осыны ескердім», — дейді экс-президент.
Оның айтуынша, коронавирус билік жақсы басқаратын елдердің қиындыққа төтеп бере алатынын көрсеткен. Ол адамдар көз жұмып жатқан жағдайда жылдам шешім қабылдау аса маңызды екен.