Қуат Хамитов украиналық қарсыласын сұлатты

912

Атырауда Mergen Fighting Championship — MFC 1 турнирінде Қуат Хамитов украиналық қарсыласын жеңді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қуат Хамитов украиналық Роман Головиновпен жекпе-жекке шықты. Жалпы олардың жұдырықтасуы үш раундқа созылады деп жоспарланыпты. Алайда Хамитов өз қарсыласын қылғындыру арқылы жеңген.

Айта кетсек бұл — «Найманның» (Қуат Хамитов) MMA-дағы 21-ші жеңісі. Бұған қоса ол жеті рет қарсыласынан жеңіліп, бір рет тең түскен.

Енді ол Алматыда ресейлік Мариф Пираевпен жекпе-жекке шығады.

 

«Адырна» ұлттық порталы