Президенттің жолдауын орындауға 2 триллион теңгеге жуық қаржы жұмсалады

1410

Қаражат бірінші кезекте дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын көтеруге, бизнес кредиттерін субсидиялауға, республикалық жолдарды жөндеуге жұмсалады

Оның айтуынша, жолдауда айтылған бірқатар тапсырманы орындау үшін биылғы республикалық бюджетте белгілі бір сома қарастырылып қойған. Мәселен, жаңа 13 инфекциялық аурухананың құрылысына 30 миллиард теңге көзделген.

Үкімет резервінен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына компьютер сатып алуға 70 миллиард теңге бөлініп қойды.

«Қазіргі таңда 2020 жылғы бюджетті нақтылау аясында осы жылдың шығындарын қосымша қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, олар мынадай шығындар: дәрігерлерге қосымша үстемеақы, дәрі-дәрмек сатып алу және тағы басқа. Алдын ала есептеу бойынша биыл қосымша қажеттілік 300 миллиард теңгені құрайды. Ал 2021 жылдың бюджетінде президенттің жолдауда айтқан тапсырмаларын орындауға 1,6 триллион теңге қарастырылып отыр»,- деді Смайылов үкімет үйінде өткен брифингте.

Бұл ақша, оның айтуынша, бірінші кезекте, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын көтеруге, ШОБ кредиттерін субсидиялауға, республикалық жолдарды жөндеуге, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасын іске асыруға жұмсалады.

Вице-премьер жекелеген тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп қазір шығыстар нақтыланып жатқанын атап өтті.
Жолдауды орындауға қажет қаражат, негізінен, бюджеттің шығыс бөлігін оңтайландыру, көлеңкелі экономиканы азайту жұмысынан түсетін түсімдер, салық салу базасын кеңейту, жеке инвестциялар және кәсіпкерлікті дамыту есебінен қамтамасыз етіледі.