АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

2093
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы мен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, шыққан заңнамаға сәйкес отбасының табысы кедейшілік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға тағайындалып төленеді.
2021 жылдың 2 тоқсаны бойынша кедейшілік шегі 22 535 теңгені құрайды.
Атаулы әлеуметтік көмек тоқсанға тағайындалып ай сайын төленеді және кедейшілік шегінен төмен шартты немесе шартсыз түрде ақшалай көмек түрінде беріледі.
Шартсыз ақшалай көмек жалғызілікті және жалғыз тұратын табысы аз зейнет жасқа жеткен адамдарға, I, II топ мүгедектеріне, 2 ай мерзімге уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға, құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі 3 жасқа дейінгі бала бар отбасыға, басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж жандарға көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек табысы аз жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті немесе құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасыларға көрсетіледі. Жұмысқа қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана атаулы әлеуметтік көмек беріледі.
Ағымдағы жылы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1 тоқсан бойынша 36 969 отбасыға яғни, (179 209 адам) 6,8 млрд. теңге берілді ал, сәуір айы бойынша 7597 отбасыға (36 465 адам) 429,3 миллион теңге берілді.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты атаулы әлеуметтік көмекке тапсырған азаматтардың өтініштері өз кезегімен ұзартылуына, халық санының өсуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны артуда.
2021 жылға атаулы әлеуметтік көмекке 13 млрд. 529 млн.теңге бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 12 574,1 миллион теңге, ал жергілікті бюджеттен – 955,7 миллион теңге.