Түркістандағы құрылыс жұмыстарына жергілікті жастар тартылады

1109
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп жария етуін Түркістан облысының жастары тың серпіліспен қабылдады. Олар айтулы жыл ауқымында қолға алынатын жаңа жобаларды жүзеге асырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде Түркістан облысында жастардың саны 501 мыңнан асады. Оның ішінде қала жастары 86 мың болса, ауыл жастары  415 мыңға жуықтайды. Өңірде 2 жоғары және 66 орта арнаулы оқу орнында 57 мыңнан аса  студент білім алады.   «Серпін-2050» бағдарламасымен  9 313 жас қамтылып,  2018 жылы аталған бағдарлама  аясында 440 жас оқуын бітірді. Мамандық алған жастардың  63,3 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ,  «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын   1275 жас еңбекпен қамтылуда. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 913 жас маман тұрақты жұмыс тауып, 314 маман баспаналы болды.
Елбасы Жарлығына сәйкес жастарға әлеуметтік қолдау масқатында биылғы жылы аудан, қалалардағы 500-ден астам жұмыссыз азаматты Түркістан қаласында салынып жатқан құрылыс жұмыстарына тарту көзделген. Олардың қатарынан  «Түркістан жастар құрылыс жасағы» құрылып, мердігер компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.
Айта кетейік, Жастар жылына орай наурыз айынан бастап жыл соңына дейін «Аудан жастарының Түркістанға тартуы» атты апталығы ұйымдастырылып, 1000-нан астам мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар, биыл «Түркі жастарының конгресін» және «Орта Азия жастарының форумын» өткізу көзделіп отыр.