ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

682
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция қызметкерлері үнемі жасөспірімдермен құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау бағытында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын өтізіп келеді.
Мәселен, ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Ердаулет Сағындықов №15 мектептің оқушыларына қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жайында арнайы сабақ өтті. Еркін форматта ортақ пікір алмасу арқылы ұйымдастырылған шарада оқушылар полицейлердің ерлік әрекеттерін айтып, болашақта полицей болуды армандайтындарын айтып өз ойларын ортаға салса, тәртіп сақшысы кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Жалпы кездесу барысында оқушылар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.