«Білім алып жатқан жоқ, шөп жұлып жүр»: белгілі заңгер Оңтүстік Қазақстан университетіне қатысты былықтың бетін ашты

1258

Аймағамбетов мырза, студенттер өз мамандықтарының қыр-сырын тәжірбиелі түрде үйренудің орнына шөп жұлып жүргені дұрыс па?

Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы жоғарғы оқу орнының студенттері ел қатарлы білім алудың орнына арам шөп жұлып жүр. Бұл туралы белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің жазуынша, аталмыш оқу орны студенттерді практикалық сабақтың орнына арам шөп жұлуға жіберген.

«Білім алып жатқанымыз жоқ, ШӨП жұлып жүрміз!
Бізде өз ісінің мамандары неге шықпайда?
Себебі оқу орындарында практикалық тәжірбие өз мамандығына сай үйретпейді!

Күні кеше ғана М. Әуезов атындағы оқу орын қызметкерлерімен бірінш курс студенттерінің практика мәселесі жайлы сөйлесіп, студенттерді өз мамандығына сәйкес практика жұмыстарына баулуды сұраған едім.
Бүгін міне екінші курс студенттерінен шағым түсуде.

Оқу орнының деканы Гүлмира Исабековна үлкен оқу орнында суғару жүйесі бойынша макет жоқ екенін ашық айтты.

Сонда студенттерге қалайша өндірістік тәжірбие өткізіп жүр?
Тек арам шөп жұлып, саябақтарды тазалап берсе болды ма?

Бізден мықты мамандар неге шықпайды, себебі суғару жүйесін үйренудің орнына арам шөп жұлып жүреді!
Мейлі ғой жұлсын, тазаласын еңбекке баулысын!
Ал игеріп шығу керек мамандық ше, жайына қалады ма?

Бұл оқу орынды Шымкент мәслихат депутаты Қожамжарова Дария ханым басқарады, білуімше!
Дария ханым, депутат болу оңай емес, халықтың қамын күндіз түні ойлап жүргеннен университеттегі студенттердің жағдайын жасауға қолыңыз тимей жатқан шығар ия?

Асхат Аймағамбетов мырза, әлемдік деңгейде жүрген оқу орында өндірістік іс тәжірбиелік макеттер жоқ екен! Студенттер өз мамандықтарының қыр-сырын тәжірбиелі түрде үйренудің орнына, шөп жұлып жүргені дұрыс па?», — деп жазған ол ол өзінің facebook парақшасында.