ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТІП, ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

587

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қала аумағы бойынша ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар және жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық деңгейде рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөліміне сәйкес (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 6 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып, 10 жасқа түсініктеме жұмыстары жүргізілді.