«ЛАЙЫҚТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕЙІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

721

Шымкент қаласы «М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар» колледжінде қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен және Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметкерлерінің, аудан прокуратурасының, ардагерлер кеңесінің, қалалық психикалық орталығының жауапты қызметкерлері, аудандағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен семинар кеңесі өткізілді.

Жалпы, жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып отырған жағымсыз әрекеттерден аулақ болуын, кеңінен мағлұмат беру үшін осы тектес кездесулердің жиі өткізілгені маңызды. Бүгінгі шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жүмыстары, нашақорлықтың, суицидтің алдын алу, кереағар діни ағымдар мен секталардың іс- әрекеттердің алдын алу, адам саудасының алдын алу бойынша түсіндіру жүмыстарын жүргізу.