Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көптеген жұмыстарды жүзеге асыруда.Шымкент қаласында осы бағыт бойынша іс-шаралар онлайн және офлайн форматта жүйелі өткізілуде. Сондай рухани бағыттағы шараларың бірі — қаладағы «Shymqala» этноауылында өткізілді.
Соңғы уақытта «Shymqala» этноауылында дәстүріміз кеңінен насихатталып, жаңаша бір лепке ие болғандай. Көптеген игілікті шаралар өткізіліп, қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналуда.
Қазақтың дәстүрі қайта жаңғырып, «Shymkala» этноауылында көптен күткен, қазақы салт — дәстүрге негізделген алғашқы қыз ұзату тойы өтті.
Бүгінде мазмұнынан айрылып, мағынасынан ажырап бара жатқан той — халықтың қазынасы енді Шымкент қалалық Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жаңаша бағыт, ұлттық ұстаныммен қайта жаңғырмақ.
Құрметті ару қыздар, өміріңіздің ең маңызды кезеңін тағылымды да қызықты етіп өткізгіңіз келсе, орталық қызметкерлеріне хабарласыңыз. Аяулы аруларды ««Shymkala» этноауылында ақ босағасына аялап ұшыруға орталық мамандары әрқашан да дайын!