Бейбіт өмір батыры

1208
Шымкент қаласы Полиция департаменті қолға алған «Біздің полиция» жобасының кезекті кейіпкері де қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, құқық тәртібін қамтамасыз етуге үлес қосқан тәртіп сақшысы. 28 жастағы полиция аға лейтенанты — Алдаберген Мылтықбай. 9 жылдан бері Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің 12 рота қызмет инспекторы. Ол тек өз ісінің білікті маманы ғана емес, үздік футбол командасының мүшесі ретінде жеткен жетістіктері жетерлік.
Осы орайда, бұл полицейдің шымкенттіктердің ерекше құрметіне бөленгенін айта кеткен жөн. Еске салайық, 2020 жылдың 12-қараша күні сағат 10:04 шамасында Арғынбеков және С.Бәйтереков көшелерінің қиылысында бағдаршам істен шығады. Салдарынан әп-сәтте көлік кептелесі туындаған. Осы кезде үйіне қайтып бара жатқан Алдаберген Керімбайұлы көлігінен түсіп, жол қозғалысын реттеуге кіріседі. Айта кетерлігі ол сол күні түнгі кезекшіліктен шыққан, сондай-ақ, кезекшіліктегі әріптесі келгенше қызмет көрсеткен. Қызметі алдында адалдық танытқан полицейдің жол қозғалысын реттеуінен кейін, көлік ағыны жиі көше қиылыстарындағы жағдай қалыпқа түскен. Ұзын-сонар көлік кезегінің орын алғанына бей-жай қарамай, тиісінше автокөлік тізгіндеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол көлік апаттарының алдын алған тәртіп сақшысы ретінде халық арасында үлкен оң танымалдылыққа ие болды.
Алдаберген жас та болса, бір емес бірнеше рет мінсіз қызметі үшін басшы құрам тарапынан марапатталған: — «ҚР Полиция күнінің 25 жылдығына» арнап өткізілген футбол жарысының қорытындысы бойынша үздік шабуылшы танылғаны үшін 1 дәрежелі грамота; — «ҚР Полиция күнінің 26 жылдығына» арнап өткізілген футбол жарысының қорытындысы бойынша ең жақсы гол соққаны үшін 1 дәрежелі грамота; — 23-маусым «Қазақстан полициясы күні» кәсіптік мерекесіне орай қызметте кәсіби шеберлік танытып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін алғыс хат; — Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шаһардың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салаларда жетістікке жеткен жастарды «ҮЗДІК ЖАСТАР-2020» премиясы; — «Бейбіт өмір батыры» номинациясының иегері.
Көпшілікке үздік полицей ретінде белгілі болған Алдаберген Керімбайұлы қайырымдылық жасауды ұмыт қалдырған емес. «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен сайыста толық емес отбасыдан шыққан балаларға спорттық киім үлгілерін құрама команда болып табыстап, жас спортшыларды қанағаттандырып келеді.