ІІМ академиясының бастығы коммуналдық қызметтерге қалай 75 мың теңге қарыз болғанын түсіндіріп берді

1873
Атышулы Қарағандылық ІІМ академиясының жаңа бастығы Ақынқали Дәрменов коммуналды қызметкерге қалай 75 мың теңге қарыз болып қалғанын түсіндіріп берді. Оның қарызы жайлы жазған блогерге де рахмет айтты. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Келесі аптада қызметтік іс сапармен шетелге шығу керекпін. Егер қарызым барын білмегенімде, шетелге шыға алмай қалатын едім. Сол кезде мен Теміртаудағы ІІМ оқу орталығының жетекшісі болғандықтан, пәтерді Теміртау қаласының әкімдігі берген. Мен пәтерге көшкеніммен, ол жерде тұрған емеспін”, — дейді ол.
Ақынқали Дәрменов қарыздарынан құтылды. Пәтер оның орнын басқан, Теміртаудағы ІІМ оқу ортадығының жаңа жетекшісіне табысталды.
Сонымен қатар, Қарағандыдағы академияның курсанттары мен мұғалімдері пара алмау туралы арнайы құжатқа қол қойды. Жақын арада мұндай құжатқа барлық мемлекеттік қызметкерлер қол қоятын болады. Статистика бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың үштен бір бөлігін ішкі істер органдарының қызметкерлері жасайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыдағы ІІМ академиясының бұрынғы мұғалімі курсанттарды жаңа жылмен құттықтап, оларды банда деп атап, өз байланыстарын пайдалануға шақырған еді.