Рухани жаңғырудың бастауы — ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту арқылы жас ұрпақтың санасына патриоттық тәрбиені сіңіру рухани жаңғыруға негіз болады.
Еліміздегі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі — қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажетілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.
Ұлы дала ұландарының кемел болашағы «Мәңгілік Ел» ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ойлау, бәсекелік қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай, еліміздің білім беру жүйесінде терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық қағиданы ұстанатын тұлғаны тәрбиелеу ісінде «Жаңа қазақстандық патриоттық тәрбие беру» мәселесінің маңыздылығы ерекшеленіп түр. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, атамекен (сакралді география), туған жер, туган елке, халқы туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттің рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сезімдерін қалыптастыру жүзеге асырылады.
Өскелең ұрпақ тәрбиесінде «қазақстандық патриотизм» білімге құштарлық пен әлемнің жаңашылдыққа бағытталған сандық технологияларын игерусіз түпкі мақсатына жетпейтіні анық. Сондықтан оку-тәрбие үрдісінде өзегі өзгермейтін мәселенің бірегейі — «Білімнің салтанат құруы» бағыты. Бұл орайда өскелең үрпақтың бойына саналы түрде ес білгеннен бастап «білім» категориясының адам өміріндегі басты құндылық екенін сіңірту, дәріптеу ісі дұрыс жолға қойылуы керек.
Білімі таяз адам саналы түрде патриот болуы екіталай. Сондықтан «Саналы азамат» тәрбиелеуде білім алудың, алған білімі арқылы еліие қызмет жасау қағидалары — негізгі діңгек болып табылады. Көкірегі ояу, зердесі ашық, білімі кемел, біліктілігі жогары, санасы биік тұлға ғана еліне еңбегін риясыз сіңіруге дайын болады.
Д.ТАШПУЛАТОВА,
№64 мектептің бастауыш сынып мұғалімі