FlyАrystan 14 шілдеден бастап Шымкент — Кутаиси рейсін іске қосады. Бір бағытта ұшу құны 29 999 теңгеден басталады

1072

Рейс әр сәрсенбі және жексенбі күндері жасалады.

14 шілдеден бастап Шымкент қаласынан Грузияның Кутаиси қаласына әр сәрсенбі және жексенбі күндері рейс ұшады, деп хабарлады FlyArystan баспасөз қызметі.

Бір бағытта ұшу құны 29 999 теңгеден басталады. Рейсті 180 орындық Airbus A320 ұшақтарын жасайды.

«Біз шуақты Шымкент қаласынан  жаңа халықаралық бағытты жариялауға қуаныштымыз, Грузияның батысында, Риони өзенінің жағасында, теңіз деңгейінен 120 м биіктікте орналасқан ежелгі қала Кутаисиге ұшыңыз. Қала өзінің тарихи атауын грузиндік «куато», аудармасында «жартас» деген мағынада сөзінен алынған, бұл қаланың тік жартасты жерде орналасуын сипаттайды. Кутаисиге келе, сіз 4 мың жылдық ежелгі тарихтың және табиғаты ерекше пейзаждардың бұрышында боласыз», – делінген компанияның ресми сайтында.

Билеттер FlyArystan мобильді қосымшасы және flyarystan.com сайты арқылы сатып алуға болады.