ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ

997

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы қаладағы «Шаңырақ» отбасы институтымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде. Орталық кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің де салдарымен де күресуде.

Өкінішке қарай, ерте жүктілікпен (2021 жылғы наурыз айындағы көрсеткіші бойынша) 92 жас тіркелген. Жастар арасындағы мұндай өзекті мәселені шешудің жан-жақты жолдары қарастырған орталық кәсіби психологтармен келісімшарт жасасып, жастармен жұмыс жүргізуде. Әр психологқа 10 жастан бекітіліп, қыркүйек айына дейін 100 жасты қабылдап, көмек көрсету жоспарға енгізілген.

Мамандар әр жасқа күніне 1 сағаттан көңіл бөледі. Мысалы, суицид аяқталған және аяқталмаған деп екіге бөлінеді. Аяқталмағаны қайталанбайтынына кепілдік болмағандықтан олармен терең жұмыс істеу керек.

Орталық директоры «Мектеп жасындағы өтпелі кезеңде жүрген жастармен мектеп психологтары жұмыс істеп жатыр. 240 мың жасы бар Шымкентке 100 жас деген түк емес. Біз тәжірибе жасап көргіміз келеді. Шынтуайтында, жастардың мәселесі шешімін тауып, қоғамда өзгерістер орын алса, біз бұны үлкен жобаға айналдырмақпыз. Психологиялық көмек беретін жоба «Бақытты мекен» деп аталады дейді.