Жастарымызды экстремизмнен сақтап қалуға тиіспіз!

548

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бірлесе отырып теолог маман Күндебай Нұржан «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыпта «ZOOM» видео-байланыс ақпараттық жүйесі арқылы Инновациялық – технологиялық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесулердің мақсаты – мекеме және кәсіпорын жұмысшыларының діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтануды, сонымен қатар ислам діні мен дәстүрдің тығыз байланысты екендігін ұғындыру.

Қазіргі таңда әлеуметтік желідегі жастардың көбісі теріс бағыттағы діни мақалалар арбауында қалатыны көбіміз біле бермейміз. Осы тараптан кездесу өткізу мақсатында жастардың әлеуметтік желі торларында болмауы жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Кездесуде студенттер өздерінің көкейде жүрген сауалдарын жолдап нақты жауаптарын алды.