МАҚСАТ — САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ

1212

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастар арасында АИТB/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» бірлесе отырып, «Индустриалды – техникалық колледж» МКҚК, Шымкент көпсалалы колледжінің студенттеріне салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «АИТB/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: АИТB/ЖИТС дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтану туралы түсіндіру. Іс-шараға: «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес орталығы» профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Жургенбаева Назира, Жастар ресурстық орталығының инспекторы Тастанбеков Нұрсұлтан, «Индустриалды – техникалық колледж» МКҚК тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ибраимкулов Қанат Қадырұлы, Шымкент көпсалалы колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Джумабаева Гулбану Орынбаевна, оқу орнының ұжымы және белсенді студент жастары қатысты.