ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БИЫЛ 29 СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

822
Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда.
Ашық спорт алаңшаларының 4-і меценат Серік Түлбасовтің жеке қоры есебінен салынып жатса, қалған 25-і бюджет қаржысынан салынатын болады.
Қазіргі таңда, демеуші есебінен салынып жатқан Қалдаяқов көшесі №4/5, Әлімбетов көшесі 45в, «Отырар» ш/а., №52 және «Текесу» тұрғын алабындағы спорт алаңшалары халық игілігне пайдалануға берілді. Қалған аулалар жыл соңына дейін салынып, пайдалануға берілетін болады.