ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

1060

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында  бұқаралық спортты дамытып, оның ішінде жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауда қаламызда орта арнаулы білім ошақтары алда келеді.  Осындай білім ошақтарының бірі, тарихы тереңнен басталатын, ұлағатты ұстаз, білікті басшы Радагуль Махмудханқызы басқаратын мектептің шәкірттері білім мен спорт саласында биік белестерді бағындырып келе жатқан қара шаңырақ.  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектептің  11 сынып оқушысы Абен Меруерт жасөспірімдер, кадеттер,  юниорлар және ересектер арасында 16-17 жас, 53 келі салмақ дәрежесінде Орал қаласында өткен Vlхалықаралық турнирге қатысып, жүлделі  l-орынды иемденіп қайтты.  Бұл бір ғана мектептің ғана жеңісі емес,  Шырайлы қаламыздың жеңісі деп білеміз.  Аталған білім ошағаның  мақтанышына айналған Абен Меруертті осынау жеңісімен шын жүректен құттықтап,  алар асуың мен бағындырар белесің көп болсын дейміз!