ШЫМКЕНТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАХМАТ АСТАНАСЫ

711

Шырайлы қаламызда жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.  8-18 жас аралығында жасөспірімдер қатысқан байрақты бәсекеде кіл мықтылар сынға түскен еді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен өткен зияткерлік сайысқа жоғары дәрежеде өткізіліп, Шымкент қаласын Қазақстанның шахмат астанасы деп  баға берілді.   Халықаралық Шахмат Федерациясының президенті (ФИДЕ) Аркадий Дворкович Шымкент қаласына арнайы сәлемхат жолдады. Ол Шымкентте
8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына ыстық ықыласын жолдаған.  «Биылғы турнир Сіздерде өтіп, шахматтан жаңа жас таланттарды анықтағанына сенімдімін және Шымкент – елдің шахмат астаналарының бірі атануға құқылы екенін тағы да дәлелдеді» ,- деп атап өткен хатта.  Сондай-ақ,  ФИДЕ президенті жарысты өткізгені үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке және чемпионаттың демеушілеріне алғысын білдірген. Жастардык зейіні мен ойлау қабілеттерін дамытатын шахмат ойындарын алдағы уақытта да өткізіліп тұрса,  нұр үстіне нұр болар еді.