Басты Қазақстан Президенттің қараша xалықпен түскен суреті көптің талқысына түсті
Президент жұмыс сапарымен Маңғыстауға барды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жазды.
«Қойнауы құтқа толған киелі өлке Маңғыстауға екі күндік жұмыс сапарыммен барып, облыс жұртшылығымен кездесіп қайттым»,- деп жазды Президент фотосурет астына.
Оқырмандар суреттің тосыннан түсірілгенін байқап, жылы пікірлер жаудыра бастады. Онда президенттің тұрғындармен күліп, емен-жарқын әңгімелесіп тұрған сәті бейнеленген. Суретке
«Ресми фотолардың жанында осындай шынайы суреттер жылы көрінеді екен»,
«Бекет атаның қолдауын сұраса президент болады»,
«Мәә күледі екенсіз ғой»,
«Қазақшаңыз керемет»,-деген сияқты пікірлер қалдырылған.