«Бүкіл махаббатың балаларға кетіп жатыр»: Бүркіт Аишаға өкпесін білдірді (видео)

1776
Әнші Бүркіт пен Аиша «Қолымнан ұста» атты су жаңа әніне түсірілген бейнебаянды көрерменге ұсынды. Жұлдызды жұп бұл жолы махаббат сезіміне толы лирикалық әнді шырқауды жөн көрген деп KAZ.NUR.KZ.
Бейнебаянның басында Бүркіт жұбайының барлық махаббаты балаларға кетіп жатқанын айтып, өкпесін білдірді. Ғашықтар арасында пайда болған түсініспеушілік ролик соңында сейіле бастайды.
Аталған бейнебаянмен жұлдызды жұп қазіргі қоғамда белең алып жатқан мәселені көтерген. Яғни жұбайлар махаббатты сақтап тұру үшін бір-бірін назардан тыс қалдырмау керек дегенді алға тартқан.
YouTube желісіне жүктелген бейнебаян бірнеше минуттарда мыңнан астам қаралым жинаған.
Сонымен қатар, желі қолданушылары жұлдызды жұптың кезекті бейнебаянына оң пікірлерін жаудырған.
«Керемет!», «Бақытты болыңдар!», «Жақсы ән», «Бүркіт жарайсың!», «Клиптеріңіз өзгеше бағытта», «Осы бағыттан таймаңыздар!», деп жазуда олар.