Жасөспірімдерге барынша қолдау көрсетіліп келеді

1041

Мемлекет басшысының Жастар саясатын дұрыс жүргізу, жасөспірімдерді отаншылдыққа тәрбиелеу жөніндегі айтқандарын Шымкентте жүзеге асырудың арқасында жетім балалар үйінің түлегі «Полицей болып Отанға қызмет еткім келеді» деп отыр.
Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында орналасқан №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен 2019 жылдан бері тәртіп сақшыларының қамқорлығында.
Міне, 3 жыл бойы полиция қызметкерлері балаларға барынша көмектесіп, қолдау көрсетіп келеді. Балалар ешбір мерекеде назардан тыс қалмаған.
Тәртіп сақшылары осы уақыт аралығында балаларға арнап ойын-сауық, спорттық және тәлімгерлік іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ, балалар үйінде бірнеше спорт түрінен үйірмелер ашылған. Бұл үйірмелерде тәрбиеленушілерді полиция қызметкерлері қатарынан шыққан жаттықтырушылар спортқа баулиды. Нәтижесінде балалар республикалық спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Полицейлер олардың жарқын болашаққа жол ашатын дұрыс таңдау жасауына ықпал етуде. Осындай қамқоршы полицей-ағаларының қызметіне қызығып қараған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің бірі Александр Сергеевич Речинский өзінің құқық бұзушылықтардың алдын алып, адамдарды қорғап, полиция қызметкері болғысы келетінін жеткізген.
Бүгінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің қолдауымен жас талапкер ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсті.
Департаменттің жеке құрамы Александр Речинскийді жоғары оқу орнына түсуімен құттықтайды. Біз Александр оқуын үздік бітіріп, ішкі істер органдарының лайықты қызметкері болатынына сенеміз.
Айта кетейік, №4 балалар үйінде оның 3 қарындасы тәрбиеленуде. Сашаның айтуынша, полиция генерал-майоры Ералы Мұсаәліұлы оған үлгіге айналғандай, ол да қарындастарына дәл солай үлгі болғысы келеді. Александр олардың барлығын жарқын болашақ күтетініне сенімді.
Болашақ полицей Ералы Жумаханбетовке көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтып, Отанына адал қызмет етуге уәде берді.