МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ЖАСАҒАН ИГІ ІСТЕРІНЕ РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

783
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Жастар лигасында» баскетболдан бірінші орын алған М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия-мектебінде болды. Онда сенбілікке қатысып, оқушылармен кездесті.
Бұл мектептің оқушылары да 20 млн теңге болатын жүлде қорына материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 12 дана жылжымалы интерактивті панель алған.
Мұрат Әйтенов баскетбол командасының мүшелерімен тілдесіп, олардың спортта көрсеткен жетістіктерін ерекше бағалап, мектепке жасаған игі істеріне ризашылығын білдірді.
Білім мекемесінің жұмысымен танысу барысында қала әкімі актив-панель орнатылған кабинеттерді көрді.
Гимназия еліміздегі ең үздік 100 мектебінің қатарына кірген білім ошағы.