ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ

857
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау мен Әл-Фараби ауданы мамандарының ұйымдастыруымен түнгі сағат 22:00 ден 02:00-ге дейін Қаратау ауданында орналасқан көшелер мен саябақтарда және ойынханаларда кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруін анықтау және келеңсіз жағдайлардың алдын – алу болып табылады.
Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын- жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 4 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып, 12 жасқа түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығын ескертті.