Шымкентте мемлекет есебінен спорттың 71 түрі қаржыландырылуда

683

Шымкент қаласында балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізілді. Бұл тапсырыс аясында, кәсіпкерлер мемлекет есебінен спорттың 71 түрі бойынша қаржыландырылып, 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар өздерінің таңдауы бойынша спорт секцияларында тегін жаттыға алады.
Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған балаларға мемлекеттік бюджет есебінен спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік беретін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында жүзеге асып отыр.
Егер мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасағыңыз келсе жеткізушілер тізіліміне қосылу үшін https://artsport.edu.kz порталына тіркеліңіз.
! Жеткізушіге арналған нұсқаулық:
1. artsport.edu.kz сайтына кіру.
2. Тіркеліңіз немесе авторизациядан өтіңіз.
3. «МЕНІҢ ҰЙЫМДАРЫМ» бөлімінде ұйымды қосыңыз.
4. Қажетті құжаттарды «МЕНІҢ ҚҰЖАТТАРЫМ» бөлімінде PDF форматында жүктеңіз.
5. «БІЛІКТІЛІК» бөлімінде жеткізушінің қызметкері бұрын жүктелген құжаттарды тиісті өріске тіркеуі керек (жеткізушінің өзі де қызметкер бола алады).
6. «МЕНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМ» бөлімінде қызметкерлерді ЖСН енгізу арқылы қосыңыз (қызметкер порталда тіркеліп, барлық қажетті құжатты НҚА-ға сәйкес тіркеуі керек).
7. «МЕНІҢ ӨТІНІМДЕРІМ» бөлімінде қажетті өрістерді толтырыңыз және құжаттарды тіркеңіз.
8. Оператор орналастырған ұсыныстың шарттарымен келісіңіз.
9. Оператордың қарауына жіберіңіз.
10. Оператор өз шешімін 5 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Толық ақпаратты 8 (7252) 36-51-50, 8 702-502-16-11, 8-702-521-01-21 байланыс нөмірлеріне хабарласып біле аласыздар.

фото: taunews.kz