«ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

927

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және Шымкент қаласы Полиция департаменті «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының» ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ» акциясы аясында челлендж өткізілді. Атаулы челленджге елімізге танымал тұлғалар өз пікірлерін білдіріп, қолдауларын көрсетті.

Атап айтқанда, Ақсұңқар – гитарист, блогер, Қайрат Құдайберген – «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Жәнібекова Назима – Ресейлік «Песни» шоуының финалисты және «Black star» лейблінің әртісі. Халықаралық деңгейдегі әнші, Иманқұлов Нүркен – актер, сценарист, шоумен, тележүргізуші, Кішкенбаев Серікболсын – «Музарт Live» жобасының жеңімпазы, әнші, Қанаев Ердос – «Жігіттер» тобының әншісі. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері.  Әкбар Елубайұлы — еркін күрестен ҚР-ның 3 дүркін жеңімпазы және Азия ойындарының күміс жүлдегері,  Қызайбай Назым – əйелдер арасындағы бокстан екі дүркін Əлем чемпионы, Әкімжан Жасұлан — джиу-джитсудан Азия чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы және панкратионнан Еуразия чемпионы – бұл атақтың бәріне ол 19 жасында қол жеткізіп үлгерді, Айбек Жансейтов (Бүркіт)– әнші, актер, режиссер, осы азаматтар жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.